BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев актер Досхан Жолжақсыновты марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық актер және кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін  дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы қаулы етемін», – делінген Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 қазанда Досхан Жолжақсынов өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Back to top button