BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

6 қазандағы № 45 қаулыда «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» қаулыға өзгерістер енгізілген.

Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.
Back to top button