BasNewsЖаңалықтар

Қостанай автомобиль көлігі колледжі «Ruhani Dos» байқауының қорытындысын шығарды

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенттері мен жас оқытушылары қатысқан «Рухани дос» әдеби-оқу сайысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Мұндағы басты мақсат – жаңа әдебиетпен танысу, заманауи әдебиетке назар аудару, студент жастарының арасында оқуға деген қызығушылықты дамыту.

Байқаудың бастамашысы «Allur» компаниялар тобы» АҚ болды, ол автожол колледжінің жаңа оқу залын құруға көмектесті.

Байқау шарттары аясында қатысушылар оқуға арналған кітаптарды таңдап, эссе жазды, әлеуметтік желілерде пікір-посттар орналастырды, буклеттер дайындады.

«Ұстаздар күні» қарсаңында колледж қабырғасында байқауға белсенді қатысқаны үшін қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталды.

Құрамында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының орынбасары Сергей Могилатов, Корпоративтык университетінің басшысы  Людмила Олкинян мен білім беру ұйымдарының педагогтарынан тұратын сараптамалық комиссия қатысушылардың конкурстық материалдарын қарап, жүргізілген жұмысқа баға берді.

Жас педагогтардың 12 қатысушысы және студенттер арасынан 21 қатысушы әлеуметтік серіктестер өкілдерінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Бірнеше ай бұрын біздің колледжге «AllurGroup» директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Сергеевич Лаврентьев келді. Танымал кәсіпкер бізбен заманауи технологиялар және олардың дамуы туралы қызықты әңгіме өткізді, содан кейін жас ақыл-ойларға конкурсқа қатысуды ұсынды. Менің таңдауым болашақ мамандығыма өзекті Пол Барридің «Python-да бағдарламалауды үйрену» кітабына түсті. Міне, 1 қазанда нәтижелер жарияланды. Бірінші орынды жариялау кезінде, менің атым күтпеген жерден естілгенде, қандай тосынсый болды. Енді осы оқиғаларды басымда айналдырған кезде, тіпті сүйікті ісім, кітаптарға деген махаббатым да өз жемісін бере алатынынды түсіндім», – деп өз әсерімен бөлісті колледж студенті Данияр Әбікенов.

Колледж директоры Дмитрий Павленко шығармашылық байқауды ұйымдастыруға, маңызды жобаны жүзеге асыруға және жемісті ынтымақтастыққа демеушілік көрсеткен кәсіпорын өкілдеріне шынайы алғысын білдірді.

«Оқу сауаттылығы – табысты тұлғаны қалыптастырудың негізгі дағдыларының бірі. Әріптестеріміздің бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жобасы аясында жүзеге асырылды, онда Мемлекет басшысы әдебиетті оқуға қызығушылықты арттыру қажеттігін айтты », – деді Дмитрий Павленко.

Back to top button