BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 43 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан 43 өлім тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында айтылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

7 қазанда COVID-19 ПТР оң нәтижесімен 30 өлім және пневмониядан 13 өлім тіркелді.

9 қазандағы жағдай бойынша 54 250 адам КВИ-ден (46 918 + және 7 332 КВИ-) емін жалғастырып жатыр, оның ішінде 9 384 науқас ауруханада, ал 44 866 науқас амбулаторлық деңгейде. КВИ+ және КВИ- мен ауыратындар арасында:

ауыр жағдайда – 703 науқас;
өте ауыр жағдайда – 203 науқас;
ӨЖЖ аппаратында – 135 науқас

Back to top button