BasNewsЖаңалықтар

Талдықорғанда полиция ғимараты өртенді

Талдықорғанда полиция департаментінің ғимараты өртенді. Өрттің шығу себебі анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Өртенген полиция ғимаратының кадрлары әлеуметтік желілерде таратылды.

Алматы облысының полиция департаменті өрт 8 қазанда шамамен сағат 19:40 шамасында болғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімдері қызыл жалынды 25 минут ішінде сөндірді.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Кейінірек төтенше жағдай туралы қосымша ақпарат береміз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Back to top button