BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Сенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«09 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі», – делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.

09 қазанда Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 17-22, екпіні 27 м/с.

«9 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с», – деді синоптиктер.

09 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Back to top button