BasNewsЖаңалықтар

BI Group құрылыс алаңында зорлау ісі бойынша үкім шығарылды

Алматыда BI Group холдингінің құрылыс алаңында зорлау ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Сот үкімімен Ж.зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі.
Іс ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі (зорлау) бойынша қаралды. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында зорлағаны үшін кінәлі деп танылған Ж. – ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі).
«Сот осы жылдың наурыз айында объектіде құрылысшы болып жұмыс істейтін сотталушы Ж.жәбірленушімен таныс бола тұра, онымен кездесу туралы келіскенін анықтады. Контейнер түріндегі тұрғын үйде кездесіп, олар алкоголь ішкен, содан кейін сотталушы жәбірленушіні зорлаған», – деп нақтылады сотта.
Процесс барысында зорлаушы кінәсін мойындамады, ал прокурор оған жеті жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Жаза тағайындау кезінде сот Ж. – ның бұрын сотталмағанын, сондай-ақ қарт ана мен кәмелетке толмаған баланың асыраушысы екенін ескерді», – деп түсіндірді сотта.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының соңында «Не молчи KZ» қоры Алматыдағы BI Group компаниясының құрылыс нысанында зорлау оқиғасы болғанын хабарлады. Сонымен қатар, BI Group корпорациясының өзінде бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырғаннан кейін ғана түсіндірілді. Алматы полициясы да зорлау фактісін растап, тергеу жүргізіліп жатқанын нақтылады. 30 наурызда зорлау құрбаны журналистерге «Не молчи KZ»Қоры жариялаған мәліметтердің дұрыстығын растады.
Back to top button