BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 51 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 51 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

8 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 41, пневмониядан 10 адам көз жұмған.

10 қазандағы мәлімет бойынша, 53 581 адам коронавирус инфекциясынан (–46 382 + және 7 199 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 9 384 пациент стационарда,
  • 44 197 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 674 адамның жағдайы ауыр,
  • 201 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 127 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.
Back to top button