BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, тұман түседі

Синоптиктер Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең 11 қазанда көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.

11 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

11 қазанда түнде Алматы облысының батысында және күндіз шығысында батыстан жел соғады, екпіні – секундына 15-20 метр.

11 қазанда Ақмола облысының шығыс жартысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

10-12 қазандағы болжам: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: күндіз 10, түнде 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты. Оңтүстік-шығыс желі, 10 қазанда екпіні секундына 15-20 метр болады. Қырғыз Алатауы: 10-11 қазан жауын-шашын, 10 қазанда кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, екпіні секундына 15-20 метр, кей уақытта секундына 25 метр. Талас Алатауы: 10 қазан жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман.

Back to top button