BasNewsЖаңалықтар
Тележүргізуші Ксения Собчак Сочиде жол апатына ұшырады
Сочидегі Адлерде ресейлік журналист және тележүргізуші Ксения Собчак отырған көлік жол апатына ұшырады, қаза тапқандар бар, – деп хабарлайды Basnews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, Адлерден Красная Полянаға дейінгі жолда Mercedes пен Volkswagen көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Volkswagen жолаушысы қаза болды, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
REN TV Telegram-арнасының мәліметінше, тележүргізушінің менеджері Кирилл Суханов бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді. Алайда Mercedes жүргізушісі апат кезінде көлікте Ксения Собчак болғанын растады.