BasNewsЖаңалықтар

Қызылордада мектеп қазандығында жарылыс болды

Қызылорда облысында мектеп қазандығында жарылыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, 11 қазанда таңғы сағат 08.15-те Департаменттің дағдарыстық жағдайлар басқармасына Қазалы ауданы, Тасарық кентінде №238 орта мектеп аумағында жеке тұрған, қатты отынмен жылытатын қазандық (мектептен қашықтығы – 50 метр) тұтанбай жарылып, кейін 64 шаршы метр аумақта ғимараттың қабырғалары ішінара бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқуға кедергі келтірмеген (ауа температурасы – плюс 9 градус). Қазандық үйінділерін ретке келтіру жұмыстары мектеп қызметкерлерінің күшімен (15 адам және 2 бірлік техника) жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Back to top button