BasNewsЖаңалықтар

COVID-19 бен пневмониядан тағы 36 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 36 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

10 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 25, пневмониядан 11 адам көз жұмды.

12 қазандағы мәлімет бойынша, 53 729 адам коронавирус инфекциясынан (–46 665 + және 7 064 КВИ-) емделіп жатыр:

  • 9 550 пациент стационарда,
  • 44 179 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 684 адамның жағдайы ауыр,
  • 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 128 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

 

Back to top button