BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 2 232 оқушыдан коронавирус анықталған, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның айтуынша, бұл жалпы коронавирус жұқтырған адамдардың 19,6 пайызы.

«Оның 642-сі немесе 29 пайызы мектепке барғанға дейін жұқтырса, офлайн сабақтар басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған. Бүгінде 1526 оқушы аурудан айығып, мектепке оралды. 88 мектептегі 303 сынып әлі карантинде. Коронавирус жұқтыру деңгейі 3-8-сынып оқушыларында жоғары – 963 жағдай», – дейді Сархат Бейсенова ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, бүгінде Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта. Астана коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында: жалпы 144 161 адамнан вирус анықталса, оның 139 534-і аурудан айыққан.

Back to top button