BasNewsЖаңалықтар

Көкшетаудағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды

12 қазанда Көкшетаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Екі адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, жарылыс салдарынан гипсокартон пәтераралық қабырғалар мен балкон қирады.

«ТЖД қызметкерлері үш адамды эвакуациялады, оның екеуі бала. Оқиға орнында екі адам медициналық көмек сұрады, олар ауруханаға жеткізілді. Оның бірі 1970 жылы туған адамның денесінің 20 пайызын күйік шалды, тағы бір тұрғын шок жағдайында ауруханаға жеткізілді», – деді ведомство өкілдері.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мобильді пункт ұйымдастырып, тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілді.

https://www.instagram.com/p/CU7wETRlD_3/

Back to top button