BasNewsЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан полицейлері вакцина алмағандарды іздеуге шығулары тиіс

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгін өңірдегі полицейлерге Семей мен Өскемендегі коронавирусқа қарсы екпе алмаған тұрғындар туралы есеп тапсыруы керек екенін еске салды. Бұл туралы Ахметов коронавирус инфекциясының таралу бойынша қала және аудан әкімдерімен өткен кезекті кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Yk-news.kz порталына сілтеме жасап.

«Сәрсенбі сіздер маған толық ақпарат ұсыну керек екендеріңізді полиция департаментінің есіне саламын. Өскемен мен Семейде учаскелік полицейлер пәтерлерді аралап, вакцина салғызбаған азаматтарды анықтауы керек болатын. Полиция департаменті бұл жұмысты жүргізіп жатыр деп үміттенемін», – деді Даниал Ахметов.

Ол, сондай-ақ, соңғы аптада өңірде коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын айтып, бұл нәтижеге мүдделі құрылымдардың белсенді жұмысының арқасында қол жеткенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, осылай жалғаса берсе, жақын уақытта Шығыс Қазақстан облысы қайтадан «жасыл» аймаққа өтуі әбден мүмкін.

«Коронавирустың алдын алу және оның таралуына жол бермеуде вакциналау жалғыз тиімді жол болып отырғанын еске салғым келеді. Жалпы республика бойынша Шығыс Қазақстан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Халықтың 48,7%-і екпе алған. Көрші елдерде қазір қалыптасқан жағдай алаңдатып отыр. Сондықтан профилактикалық, аналитикалық жұмыстар мен вакциналау науқанына құқық қорғау органдарын жұмылдырудың маңызы зор», – деді Даниал Ахметов.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211013/18395454/shygys-qazaqstan-vaktsina-izdestiru.html

Back to top button