Жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпкерлікке бет бұрған жастар қатары артты

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданыны тұрғындарының 30 процентін жастар құрайды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Қазығұрт ауданы әкімі жалынды жастармен жүздесу барысында оларға бос уақытты тиімді пайдаланып, кәсіпкерлікке назар аудару керектігін жеткізді. Сондай ақ, спорт, білім, мәдениет және өзге де салалардағы үздіктерді насихаттау қажеттігі айтылды. Қазіргі таңда аудандағы жастардың 1113-і жеке кәсіппен айналысады. Тіпті мұнда несие алып, кәсібін дөңгелеткісі келетіндер де бар. Одан өзге, түрлі жоба аясында 100-ге тарта жас тұрақты жұмысқа орналасқан.

Back to top button