BasNewsЖаңалықтар

Кейінгі тәулікте COVID-19 жұқтырған 1 985 жағдай тіркелді

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 13 қазандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 985 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 910 832-ге жетті», – делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 270,
  • Алматы қаласында – 350,
  • Шымкент қаласында – 81,
  • Ақмола облысында – 120,
  • Ақтөбе облысында – 78,
  • Алматы облысында – 142,
  • Атырау облысында – 51,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 135,
  • Жамбыл облысында – 35,
  • Батыс Қазақстан облысында -66,
  • Қарағанды облысында – 163,
  • Қостанай облысында – 97,
  • Қызылорда облысында – 42,
  • Маңғыстау облысында – 7,
  • Павлодар облысында – 154,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 149,
  • Түркістан облысында – 45.
Back to top button