BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте егде жастағы әйел бірінші сынып оқушысын ұрып-соққаны үшін сотта жауап береді

Шымкентте егде жастағы әйел мектепте бірінші сынып оқушысының бетінен ұрған. Ол енді баланы ұрып-соққаны үшін сотта жауап береді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға биыл тамызда болған, бұл кезде оқушылар дайындық сабақтарын өтіп жатқан. Бірінші сынып оқушылары жанжалдасып қалған, олардың бірі әжесіне шағымданған. Әжесі кабинетке кіріп, балаға айғайлып, кейін бетінен ұрған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мектеп директорының айтуынша, оқушы әжейді тоқтатып үлгермепті.

«Баланың бетінде із қалды. Әйелдің қолында сақинасын болғаннан деп ойлаймын», – дейді «Жас Дарын-2» мектебінің директоры Пернебай Беделов.

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған, ал кейін бала басқа мектепке ауысып кетіпті.

Оқиғадан кейін екі ай уақыт өтіп, әйел әлі күнге жазаланбаған. Полиция департаменті өкілдері екі айлық тергеуден кейін іс сотқа жеткенін хабарлап отыр. Әйелдің ісі «Ұрып-соғу» бабы бойынша тергеліп жатыр. Оған 30 мың теңге шамасында айыппұл салынуы мүмкін немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Журналистердің пікірінше, сот жасын ескеріп, зейнеткерге айыппұл салуы мүмкін.

Back to top button