BasNewsЖаңалықтар

Париж соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

Париж қаласының соты Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S. компаниясының арызы бойынша істе Қазақстан пайдасына шешім шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Іс бойынша шешім 12 қазанда шықты. Жәбірленуші соттан бұдан бұрын шыққан төрелік шешімнің күшін жоюды талап етті. Төрелік шешімге сәйкес Ташяпы Қазақстанның пайдасына 6,7 миллиард теңге төлеуі қажет.

Қазақстан Париж сотына Ташяпының талап-арызы негізсіз екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, сот Ташяпыны Қазақстанның 30 000 еуро көлемінде кеткен сот шығындарын өтеуге міндеттеді.

Автомобиль жолдары комитетінің Ташяпы арасындағы “Ақтөбе – Мақат” жолына құрылыс жүргізу туралы келісімшарттық қатынастар осы төрелік даудың мәні болды. Талап-арыз сомасы – 6,5 миллион АҚШ доллары. 2019 жылдың 3 желтоқсанында Сингапурдегі Халықаралық төрелік орталығының төрелік соты Ташяпының талап-арыздарын қабылдамай, Қазақстанның қарсы талаптарын қанағаттандырған еді. Төрелік соттың орны да Париж қаласы болған.

Осы іс бойынша мемлекеттің мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP заң фирмасы жалданған.

Back to top button
Close