BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды

31 қазақстандық бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
16 қазандағы мәлімет бойынша 52 770 адам коронавирус инфекциясынан (46 069 КВИ+ және 6 701 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 9 037 пациент стационарда,
- 43 733 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 636 адамның жағдайы ауыр,
- 186 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 123 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.



