BasNewsЖаңалықтар
Тоқаевтың арнайы өкілі Ауғанстанға барды

Қазақстан делегациясы Ауғанстанға барды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация жұмыс сапарымен Кабулға келді. Сапар аясында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сондай-ақ, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады», – делінген хабарламада.
Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жіберуді одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтастық орнатуға ниет білдіріп отыр.



