BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте қоқыс жәшігінен өлі нәресте табылды

Шымкентте қоқыс контейнерінен өлі сәби табылды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қала полициясының мәліметінше, сәбидің денесін 18 қазанда аула сыпырушы тапқан.
https://www.instagram.com/p/CVJ_8j_q1eK/
Қоқыс жинау компаниясының қызметкерлері зорлық-зомбылық белгілері жоқ жаңа туған нәрестенің мәйіті салынған пакетті тапты, – деді қалалық Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды, – деп атап өтті ведомствода.



