BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда Pfizer вакцинасын алу ережесі бекітілді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері елде Pfizer препаратымен вакциналау ережесі бекітілген қаулы қабылдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілішісі.
Осылайша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыратындар қатарына мына адамдар кіреді:
- 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер;
- жүкті әйелдер – жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында;
- бала емізетін әйелдер – бала туу кезеңі аяқталғаннан кейін (42 күн өткен соң).
Вакциналау жүргізер алдында коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы аниденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.



