BasNewsЖаңалықтар
Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Өзбекстанда президент сайлауы басталды. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Елдегі бес ресми саяси партия кандидаттарын тіркеді. Сарапшылардың пікірінше, сайлауда жеңіске жететін басты кандидат – 64 жастағы Шавкат Мирзиеев.
Сайлауды 64,5 мың адам бақылайды, оның ішінде 50 елден келген 970 халықаралық бақылаушы бар.



