BasNewsЖаңалықтар
Алматы «қызыл» аймақтан шықты

2021 жылғы 25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Алматы қаласы «қызыл аймақтан» шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.




