BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда 15 миллионға «егілген» пластик гүлдер құлап жатыр

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде «Гүлдер алаңының» сапасыз жасалғанын айтып, шағымдануда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Пластик гүлдердің біразы құлап жатыр. Ал газондағы электр желілері ашық күйінде қалған.

Туристерді тарту мақсатында пластиктен жасалған  «Гүлдер алаңына» бюджеттің 15 миллион теңгесі жұмсалған. Тұрғындар желіде мұншалықты қаржыға пластик гүлдің «егілгеніне» наразылықтарын білдірген. Желі қолданушылары алаңның жұмысына сапасыз материалдар пайдаланылғанын жазды.

«Лада» басылымының хабарлауынша, кейбір жерде гүл түптері құлап қалған. Ал жасанды газонның өзі қисық орнатылған.

Инсталляцияның электр желілері оқшауландырылмаған. Видеода оның газон үстінде жатқаныны байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Ынтымақ» алаңындағы газон орнына бюджеттің 15 404 000 теңгесіне пластиктен жасалған «Гүлдер алаңы» орнатылған болатын. Әкімдіктің хабарлауынша, декоративті жарықтандыруды Clover media group ЖШС жүргізген. Олармен келісімшарт 16 қыркүйекте жасалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button