Ақтөбеде сабақ кезінде шыбын-шіркейді улауға рұқсат берген завуч жұмыстан қуылды
Ақтөбеде шыбын-шіркейдің кесірінен мектептің шаруашылық меңгерушісі жұмыстан қуылды. Ол білім ошағының жертөлесіндегі зиянкестерді улатпақшы болғаны үшін басы бәлеге қалды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Желіде осыдан екі апта бұрын №9 гимназияның оқушылары түсірген видео пайда болды. Сабақ кезінде бөлмені түтін алып кетеді. Өрт шықты деп шошынған балалар далаға атып шыққан. Сөйтсе мектептің жертөлесіне шыбын-шіркей мен тышқан улауға дизенфекция мамандары түтіндік қойыпты. Ал мектеп директоры: «Сабақтың аяқталғанын күтпей улаулаға рұқсат берген – шаруашылық меңгеруші» деп ақталды. Сондықтан басшы тек қатаң сөгіспен құтылды. Сондай-ақ каникулды күтпей шыбын-шіркей улауға жол бергені үшін қалалық білім бөлімінің басшысы да жазасыз қалмады. Оған да сөгіс жарияланған.
Нақты сабақ кезінде өткізгені үшін мектептің директорына және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң тәртіп жазасы қолданылды, қатаң сөгіс түрінде. Сонымен бірге осы шараның басы-қасында болған мектеп-гимназияның шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды, – деп хабарлады Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары.



