BasNewsЖаңалықтар
«Мен аман-есенмін!» – Джеки Чан коронавирус жұқтырғаны туралы сыбысқа жауап берді
Джеки Чан коронавирус жұқтырғаны туралы қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Қамқорлықтарыңыз үшін рақмет! Мен аман-есенмін. Өтінемін, уайымдамаңыздар, мен карантинде емеспін. Сіздерде де аман-есенсіздер деген үміттемін!», – деп жазды актер.
Еске салайық, мұның алдында шетелдік БАҚ-тар Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген хабар таратқан болатын. Шетелдік БАҚ-тардың көбі Джеки Чан Гонконгте жабық кешке барған соң актердің және басқа да қонақтардың карантинге жатқызылғанын жазған болатын.



