BasNewsЖаңалықтар

Елордада әйелге «Сергек» камерасы орнатылған бағана құлап кеткен

Нұр-Сұлтанда әйел «Сергек» камерасы орнатылған бағана құлағанын айтып, шағымданды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген сурет пен шағым әлеуметтік желіде тараған.

«Бүгін сағат 13.20-да бағдаршам жанғанын күтіп тұрдым, Сығанақ, 11, Sunrise тұрғын үй кешені маңында аяғыма «Сергек» камерасы орнатылған бағана құлады. Бағыма орай, артқа шегіндім, басыма құламады. Кімге шағымданам? Қазір гипс салды, жұмыссыз қалдым», – деді Instagram-да.

Елорда полициясы 45 жастағы әйелдің «Сергек» камерасы орнатылған бағанның металл құрылымы құлағаннан жарақат алғанын растады. Оқиға 23 қазанда болған.

«Бұл дерек бойынша Есіл ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 306-бабы («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button