BasNewsЖаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» өтті

2021 жылғы 29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. ШҚО «қызыл аймаққа» өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
- Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.




