Қазақстанда ауа температурасы – 20 градусқа дейін төмендейді

Қазгидромет мамандары Қазақстан бойынша 2021 жылғы 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі — жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын.
3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады.
Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі — солтүстік-батыста түнгі температура 5-15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10-20 аязға дейін, оңтүстікте 3-13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді.
Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады



