BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда жарылыс болды: себебі анықталды

Маңғыстау облысының ТЖ департаменті сағат шамамен 21:35-те кафеде болған жарылыстың ықтималды себебін айтты, – деп хабарлайдыBasnews.kz тілшісі.

Жарылыс болған Ақтаудағы «Шерқала» кешенінде орналасқан «Аянат» кафесінің қожайыны оқиға кезінде мекемеде ешкім болмағанын айтты. Кәсіпкердің пікірін қала әкімдігі Instagram парақшасында жариялады.

Ер адамның айтуынша, оның мекемесі принцип бойынша уақытында жабылады.

«Мен кафемді сағат 19.30 шамасында жауып тастадым. Сондықтан кафеде жұмысшылар да, қонақтар да болған жоқ. Көрші үй-жайларды білмеймін, мен оларға жауапты емеспін», – деді Абай Әміреев.

Жергілікті биліктің мәліметінше, екі қабатты «Шерқала» кешенінің ішінде жұмыс киімдерін сататын дүкен, автобөлшектер, мейрамхана, монша, техникалық қызмет көрсету бекеті, қойма сияқты нысандар бар.

Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай да жарылыс жағдайына қатысты пікір білдірді. Ол сағат 00:00-ге дейін ешкім медициналық көмекке жүгінбегенін айтты. «Кинологтар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деді ол.

Төтенше оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Ал, облыстың Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жарылыс салдарынан 11 көлік зақымданған. Жол полицейлері эвакуатор арқылы үш көлікті эвакуациялады. Қалған сегіз көліктің иелерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ жарылыс «Аянат» кафесінде емес, жақын жердегі самса мен палау сататын дүкенде болғаны белгілі болды.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров жарылыс газ-ауа қоспасынан болуы мүмкін екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button