BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанға Pfizer вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді

Түнде 10 қарашада Алматы әуежайына Qatar Airways әуекомпаниясының Pfizer вакцинасы бар борты қонды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша үлестіру басталады. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен сақтау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады», – деді «СҚ Фармация» баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.

Қазақстанда Pfizer вакцинасын тек жүкті, бала емізетін және 18 жасқа дейінгі балаларға салу жоспарланған.

Вакцина партиялары бірнеше күн бойы жеткізіледі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button