BasNewsЖаңалықтар
Елордада «көк» статусы бар тұрғындар 15 қарашадан бастап сауда үйлеріне кіргізілмейді
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Құжатта сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс істей алатыны айтылады.
Алайда олар штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауы тиіс екені айтылады.
Қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді.



