BasNewsЖаңалықтар
Алматыда жұмыс орындарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан
Кейінгі екі аптада Алматыда жұмыс орндарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Жаңа көрсеткіш пайда болды. Кейінгі екі аптада жұмыс орндарында жұқтыру көрсеткіші көбейді. Көрсеткіш бес пайызға өсіп, тоғыз пайызға жетті. Жұмыс берушілерден эпидемияға қарсы режимді күшейтуді сұраймын», – деді Жандарбек Бекшин.
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы коронавирус жұқтырғандар жиі кездесетін жерлерді де атады.
«Тұрғындар сауда орындарында жиі вирус жұқтырады – 29 пайыз. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте – 21 пайыз. 22 пайызы ауруды отбасы мүшелерінен жұқтырған. Ал 9 пайызы базарларда», – деп қосты Бекшин.



