BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев жаңа тұрғын үйлермен қатар мектеп пен балабақша салуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тұрғын үй кешенін салу кезінде міндетті түрде мектептер мен балабақшалар салынуы тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Тоқаев мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесі туралы айтты. Ол өзінің таяудағы жолдауында 2025 жылдың аяғына дейін 1 000 мектеп салуды тапсырғанын еске салды.

«Тұрғын үйлерді салу кезінде оған қатар мектептер мен балабақшалар да салынуы тиіс. Үкіметке осы талаптың сақталуын қатаң қадағалауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button