BasNewsЖаңалықтар
Қазақстандық саясаткерлер мен олардың отбасыларының ақша операциялары енді заңды түрде тексеріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
30 қыркүйекте қазақстандық саясаткерлер мен олардың отбасыларының ақша операциясы тексерілетіні хабарланған болатын. Депутаттар Мәжіліске заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша түзетулер енгізген еді.



