BasNewsЖаңалықтар
Жамбыл облысында әскери қызметкер өз-өзіне қол салды
Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«22 қарашада Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмнан хат табылды», – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа мәлімет жария етілмейді», – деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.



