BasNewsЖаңалықтар

Болгарияда жол апатынан 46 адам көз жұмды

Болгарияда автобус жол апатына ұшырап, 46 адам қаза болды, деп хабарлады елдің ішкі істер министрлігі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

РИА Новостидің хабарлауынша, апат жергілікті уақыт бойынша сағат 02.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 06.00) София – Благоевград тасжолының 31-шақырымында болды.

52 адам мінген македониялық автобус кеше кешке Болгария шекарасынан өткен. Жол апатына қатты жауған жаңбыр немесе жүргізушінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін

Бұған дейін апаттан 45 адам қайтыс болғаны хабарланды. Қайтыс болғандардың арасында көлік жүргізушісі де бар. Ол кезде 7 адам аман қалғаны, арасында екі әйел, бес ер адам болғаны айтылды. Олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button