BasNewsЖаңалықтар

Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласындағы жаппай төбелестің видеосы пайда болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған көрінеді. Төбелеске кем дегенде 20 адам қатысқан. Видеодан айғай-шу естіліп, шамдардың жарқылы көрінеді. Кейбірі төбелестен қашуға тырысады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мәліметінше, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі «Бір топ адам жасаған бұзақылық» бойынша соталды тергеу басталған.

«Залал келгені немесе зардап шеккені туралы арыздар түскен жоқ, қылмыстық істі тергеу және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды«, – деді департаменттегілер.

https://www.instagram.com/p/CWoMywvKFnO/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Басқа жаңалықтар

Back to top button