BasNewsЖаңалықтар
Қыз балабақшада пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды
Талғарда төрт жасар қыз балабақшада пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жазатайым оқиға 26 қарашада Талғар балабақшаларының бірінде болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр. Тергеу бақылауға алынды», – деді облыстың Полиция департаменті өкілдері.


