BasNewsЖаңалықтар

WhatsApp-та стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады

WhatsApp мессенджерінде стикер жасауға мүмкіндік беретін функция пайда болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі gizmochina.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл функция бета-нұсқалардың бірінде қол жетімді. Стикерді пайдаланушының галереясында бар суреттерден жасауға болады.

Стикерді өңдеуге де мүмкіндік бар: суретті кесуге, мәтін немесе эмодзи қоюға, сонымен қатар, үстіне басқа стикер қосуға болады. Жаңадан жасалған белгішелер стикер бөліміне түседі. Бұл функция алдымен Android қолданушыларына, ал кейінірек iPhone-ға шығады.

Sticker Maker арнайы функциясы қазіргі уақытта тек WhatsApp Web-те қол жетімді, бірақ ол жақын арада қосымшада пайда болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button