BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев ресми сапармен Швейцарияға келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізетіні айтылады. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Back to top button