BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда 20 градусқа дейін жылы болады

Қазгидромет синоптиктері 30 қараша мен 1,2 желтоқсанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, суық антициклон Қазақстан аумағынан бірте-бірте ығысады.

«Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы батыс циклоны келеді, соған орай жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін жылы, Түркістан облысында 20 жылы градусқа дейін жылы болады», – делінген хабарламада.

2 желтоқсанда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон ауысады, сондықтан температура аздап төмендейді: түнде 5 градусқа дейін, күндіз 3 градусқа дейін аяз, Маңғыстау облысында 10 градус жылы болады. Еліміздің солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Back to top button