BasNewsЖаңалықтар

«ҚазТрансГаз» ұлттық компания мәртебесіне ие болды

Қазақстан үкіметі «ҚазТрансГазға» ұлттық компания мәртебесін берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 қаулысы бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-қа ұлттық компания мәртебесі берілді. Тиісті толықтыру «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілді. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің №853 қаулысымен «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталды», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексінің 278-бабы 8-тармағына сәйкес ҚР Үкіметі жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітті. Осы құжатқа сәйкес, «ҚазТрансГазға» газ және газ конденсатты кен орындарында барлау және өндіру бойынша басымды құқық берілді.

«ҚазТрансГаз» геологиялық барлаудан бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызмет атқарады.

Back to top button