BasNewsЖаңалықтар
Алматыдан 407 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақыты бойынша 3 сағат 36 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Basnews.kz.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 407 шақырымда, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 11.8. MPV магнитудасы 4.9. Тереңдігі – 15 шақырым. Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді, делінген хабарламада.



