BasNewsЖаңалықтар

Оралда 20 жастағы полиция сержанты өз-өзіне қол жұмсады

Оралда 20 жастағы полиция сержанты оққа ұшты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

«3 желтоқсандв сағат 7:40 шамасында Орал полиция басқармасы ғимаратында жауынгерлік қаруды алғаннан кейін 20 жастағы полиция сержанты өз-өзіне қол жұмсады (бекітілген табельдік қарудан оқ атқан)», – деп хабарлады полициядан.

Қызметі барысында ол өзін жақсы жағынан көрсеткен, физикалық тұрғыдан дайы болған. Жұмыс кестесін сақтаған, жұмысқа кешікпеген.

«Бұл дерек 03.12.2021 жылы СДТБТ-де тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды, бұл туралы қосымша хабарланатын болады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде басқа ақпарат жария етілмейді (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Олар тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келсе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса)», – деп толықтырды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button