BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбеде медбике 67 жалған екпе құжатын жасаған

Ақтөбеде медбике COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың тізіміне 67 адамның мәліметтерін заңсыз енгізген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, медбике Ақтөбедегі емханалардың бірінде жұмыс істейді.

«Ол ақпараттық жүйеге қол жеткізе алатын қызметтік жағдайын пайдаланып, COVID-19-ға қарсы екпе алғандар туралы мәліметке іс жүзінде екпе алмаған 67 адамның тізімін енгізген», – деді полиция.

Ұсталған азаматша әрбір жалған құжат үшін 15 000 теңгеден алғанын мойындады.

Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланктерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе өткізу» және 247-бабының 1, 2-бөлігі «Заңсыз сыйақы алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа жіберілді.

Полицейлер заңсыз сыйақы алу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button