BasNewsЖаңалықтар

Рақымшылыққа 13 мыңнан астам адам түседі: Президент рақымшылық туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам түседі.

Біріншіден, 1 000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады.

Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталушыға және пробация қызметі есебінде тұрған адамға қолданылады.

Үшіншіден, соталды өндірістегі 5 000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен аса тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button