BasNewsЖаңалықтар
Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» дәстүрге айналды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру игі үрдіске айналды. Сондықтан өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сапарбаевтың айтуынша, 2020 жылдың өзінде, пандемияға қарамастан, 99 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегімен баспаналы болды. «Асар» жобасы аясында биыл 133 үйдің құрылысы жоспарланып 75-і пайдалануға берілді. «Таразға тарту» жобасы аясында Тараз қаласы аумағында 47 нысан салынып, жөнделді. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд теңге бөлінді.